Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Ғылыми жобалар сайысы

     2017 жылдың 24 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11-сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден 20 жұмыс  (4 командалық) 28 оқушы іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге қатысқан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 5 оқушы: 10-сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат «Әдебиет» секциясы бойынша (жетекшісі: Бекенова К.К.), 11-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан мен 9-сынып оқушысы Мұхаметхан Адия «Этномәдениеттану» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 8-сынып оқушылары Дәуенова Дильназ бен Құрманбай Назерке «Тіл білімі» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Окпина Б.М.) марапатталды.

     ІІ дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 4 оқушы: 11-сынып оқушысы Олжатаев Қуаныш «Адам және қоғам» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 11-сынып оқушылары Маликов Ағзам мен Оразхан Әйгерім «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 8-сынып оқушысы Альмухамбетова Аружан "Өлкетану" секциясы бойынша (жетекшісі: Төлеу Ұ.) марапатталды.

     ІІІ дәрежелі дипломмен 5 ғылыми жұмыс, 6 оқушы: 11-сынып оқушысы Газизов Зейнолла «Информатика» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Д.К.), 11-сынып оқушысы Омарова Аружан «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Ахметова Г.К.), 10-сынып оқушысы Бектемір Дильназ «Тіл білімі» секциясы (жетекшісі: Төлеу Ұ.), 11-сынып оқушысы Марат Аймера «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 10-сынып оқушылары Ахмедеева Диана мен Муслимова Лана «Тарих» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.) марапатталды.

     Барлық жеңімпаз оқушыларымызды және ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы пәндік тестілеуден сүрінбей өтіп, республикалық кезеңде де биіктен көрінулеріңізге тілектеспіз.

Подробнее

"Зерде" облыстық ғылыми жобалар байқауы

2017 жылдың  3 қарашасында №25 мектепте 1-7-сынып оқушылары арасында өтетін республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден бірнеше оқушылар іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге қатысқан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орын жүлдегерлері: математика бағыты бойынша 6 «в»-сынып оқушылары Камшатова Камшат, Тлеугабыл Жанель(жетекшісі: Танатова А.С.), 6 «а»-сынып оқушысы Минекеева Аделя (жетекшісі: Абитаева Г.К.), информатика бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Еламан Әлімжан (жетекшісі: Тлеулесова А.А.), биология бағыты бойынша 7 «б» -сынып оқушысы Калиев Дәулет (жетекшісі: Букурова С.Б.)

ІІ орын жүлдегерлері: қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 7 «б»-сынып оқушысы Айтқалы Риза (жетекшісі: Қайрат А.Қ.), өлкетану бағыты бойынша 5 «ә»-сынып оқушысы Шарупич Дарья мен 6 «б»-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат(жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 7«ә»-сынып оқушысы Люлят Асылтан мен Жанат Арай (жетекшісі: Сарсенов Т.М.), этномәдениеттану бағыты бойынша 7 «а»-сынып оқушысы Олжатай Нұрсая мен 6 «б»-сынып оқушысы Төкен Асылхан, биология бағыты бойынша 6 «б»-сынып оқушылары Шпекова Жадыра мен Мұхамедқан Алтынай (жетекшісі: Асанова Ш.Ж.).

Жүлдегер оқушыларымызды және жетекшілерін бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!

Подробнее

«ХVII Сәтпаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

     12 сәуірде  жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының  «ХVII Сәтпаев оқулары»  атты Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясы болып өтті. 

Подробнее

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...

     Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11-сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден жаңа оқу жылының басында барлық бағыттар бойынша 38 ғылыми жоба тіркеліп, іріктеу барысында ғалымдардың оң пікіріне иеленген 23 оқушының 16 жұмысы облыстық кезеңге жолдама алды. Осы байқау қорытындысы бойынша 10 ғылыми жоба жұмысы үздік танылып, 14 оқушымыз жүлделі орындар қатарынан көріне білді.

Подробнее

«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі

     2016 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласының № 25 мектебінде дарынды және талантты балаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында 1‑7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XII республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. 

Подробнее

ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР САЙЫСЫ

Подробнее

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Подробнее

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Подробнее

Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЗЕРДЕ” КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Подробнее

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

Подробнее