Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Дарындыға дархан жол

     Талапты да талантты оқушыларды қолдау, әрі олардың нәтижелі жетістіктерін көрегендікпен бағалай білу арқылы оқушылардың бойындағы қабілеттерін одан әрі дамытуға болады. Осыған сәйкес гимназиямыздың облыстық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларының жеңімпаздары Ертiс Cinema кинотеатрына қазақстандық комедия "Бизнес по казахский в Африке" фильмын көруге барды.
      Айта кетелік, оқушылардың бос уақытын қамтып, демалыс ұйымдастыру идеясын мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті де қолдады.
      Дарынды жастардың жан-жақты жетілуімен қатар олардың демалыс уақытын да тиімді ұйымдастыру үлкен жетістікке жеткізеді. Оқушылар шын мәнінде демалып, бойларына жаңа энергия жинап қайтты.

Подробнее

Послание Президента к молодёжи - Елбасы жолдауы-жастарға жігер сыйлады.

Глава государства Н.Ә.Назарбаев недавно обратился с Посланием к молодёжи. Президент объявил 2019 год "годом Молодёжи", предложил социальную поддержку молодым. 
__________________________________
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев күні бүгін ғана xалқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауын арнады.
Елбасымыз 2019 жылды "Жастар жылы" деп атап, жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты.

Подробнее

Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы

    2018 жылдың 11-14 сәуірі аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен  заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған 8-11-сынып оқушылары арасында  республикалық  Әбіш оқулары  байқауында    Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша оқушыларымыз ІІІ орын жеңімпазы атанды.  Ақтау қаласына барып, республикалық байқаудың жүлдегерлері болып оралған сайыпқыран, өнерлі де өрелі жеңімпаз оқушыларымызды  жеңістерімен құттықтаймыз.  Рухты, жігерлі, білімді ұрпақтары бар да Әбіш Кекілбай туындылары туған халқымен жасай беретіні анық.

Подробнее

"Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойыны

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен "Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойынында гимназиямыздың өрендерінен құралған "Алтынсарин балалары" КВН командасы І орынға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды! Қатысқан оқушыларымыз бен дайындаған ұстаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз! Алтынсарин гимназиясының жалауы биікте желбірей бергей!

Подробнее

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ

     2018 жылы  14 наурызда 9,10,11-сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы слайд арқылы таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлық  дегеніміз не? Онымен күрес қағидалары» атты презентация, «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы» атты баяндама тыңдалды әрі талқыланды. «Конверт сұрақ»  әдісі бойынша әр сыныптан бір оқушы ортаға шығып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.

Подробнее

Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен ашық сабақ

Облыс  әкімінің орынбасары М.Бегентаевпен бекітілген Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының YІІ қысқы Универсиадасын дайындау және өткізу іс-шаралары жоспарын орындау мақсатына орай  2018 жылдың 5 наурызда мектебімізде сағат 12.00-де облысымыздың танымал спортшысы, грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, спорт шебері Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Байжырыкова С.К.(қыздар тобы), Искаков А.С.(ұлдар тобы) 5 «а»-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Подробнее

«Мамандық таңдау – келешекті таңдау»

2018 оқу жылының 23 ақпанында  9 «б»-сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандық таңдау – келешекті таңдау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар он кезеңнен тұратын тәрбие сағатына белсенділік танытты. «Мен мамандық таңдаймын»  атты бейнероликте өздері берген сұхбатты тамашалап,  алған әсерлерін ортаға салды. «Кәсіби бағдар» ойынында оқушылар аталған мамандықтардың сыныптастарының ішінде кімге үйлесетінін анықтап, өзіндік көзқарасын, пікірін дәлелмен жеткізді. Жауапты: 9 "б"-сынып тәрбиешісі Жармағамбетова Д.Қ.

 

Подробнее

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

31 қаңтар күні  мектеп мәжіліс залында сағат 15.00-де «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында 7-10-сыныптар арасында конференция өтті. Оқушыларға видеороликтер көрсетілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы таныстырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Т.М.Сарсенов елбасымыздың жаңа туындысында егеменді мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері жайлы жазылғанына егжей-тегжейлі шолу жасады. Сонымен қатар кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланғандығын әрі  Отанымыз Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілгендігін атап өтті.

Жауапты: тәрбиеші Жамалиденова Гашура Шакитовна.

Подробнее

Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаттары

27 қаңтар күні мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына арналған «Менің мақтанышым – Павлодар», «Туған өлкеге тағзым», «Менің Павлодарым», «Туған өлкем», т.б. тақырыптарда 5-10-сыныптар арасында ауызша журнал, конференция, пікір алмасу, т.б. формаларда тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар облысымыздың тарихымен танысып, тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде ерекше орын алатын аймақ екенін танып білді.

Подробнее

Жасыл экономика – болашақтың экономикасы!

      «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы!» тақырыбында 13 қаңтар күні мәжіліс залында 9,10,11-сынып оқушыларының қатысуымен  тәрбиелік шара  ауызша журнал түрінде  өтті.  Қатысқан оқушы саны – 80.

     Ауызша журнал 5 беттен тұрды. «Жасыл» экономика дегеніміз не? «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдері, «Жасыл» экономикаға ауысу институттары туралы сөз қозғалды. Оқушылардың назарына «Жасыл экономика» жайлы бейнефильм ұсынылды. Оқушылар ЭКСПО жайлы өздерінің білімдерімен бөлісіп, көргендері мен оқығандары туралы ой бөлісті. Оқушылар көп мәлімет алды.

Подробнее