Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Жер шарының ең биік ағашы – Секвойя

     Жер шарының ең биік ағашы – Секвойя. Оның өз есімі де бар, Гиперион деген атау қойған. Бұл атауды Ежелгі Грекияның ертегі кейіпкері титан Гиперионның құрметіне қойған болатын.

     Бұл ағашты 2006 жылдың 25 тамызында Майкл Тэйлор мен Крис Аткинс зерттеушілері ашты. Секвойя Гиперионның биіктігі – 115,61 метр, көлемі 530 метр куб., шамамен 700-800 жыл өскен ағаш.

     Секвойялардың биіктігі 100 метрден артық, диаметрі 6-10 метр. 3000 жылға дейін жасайды. Калифорния тауларында өседі. Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон (мамонт ағашы) жатады.

     Секвойялар сәндік үшін Еуропаның саябақтары мен бақтарында, Қырымның оңтүстік жағалауында өсіріледі.