Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

ФИЗИКА

ҰБТ-ға дайындық

 


1. Жұмыстың А=qE∆d формуласын қандай электр өрісі үшін қолдануға болады?
А) Біртекті.
B) Біртексіз
C) Біртекті, біртексіз
D) Құйынды
E) Біртекті, біртексіз, құйынды


2. Кедергілері 15 Ом және 10 Ом болатын өткізгіштер өзара параллель қосылған.
Олардың жалпы кедергісі:
A) 25 Ом.
B) 12 Ом.
C) 10 Ом.
D) 6 Ом.
E) 8 Ом.


3. Катушкадан өтетін ток 1секундта 2 А-ге өзгергенде, пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і 2 В болса, катушканың индуктивтілігі
А) 5 Гн.
B) 10 Гн.
C) 1 Гн.
D) 20 Гн.
E) 2 Гн.


4. Радиусы 10 см қайрақ тастың шеткі нүктесінің жылдамдығы 60 м/с. Центрге тартқыш үдеуі
А)360 м/с2.
B) 3600 м/с2.
С) 36 м/с2.
D) 6 м/с2.
Е) 36000 м/с2.


5. Инерция заңын ашқан ғалым
А) И.Ньютон.
В) Аристотель.
C) Гераклит.
D) Г.Галилей.
Е) М.Ломоносов.


6. Ампер күшінің бағытын анықтауға болады
A) Бұрғы ережесі бойынша.
B) Суперпозиция принципі бойынша.
C) Сол қол ережесі бойынша.
D) Ленц ережесі бойынша.
E) Ампер гипотезасы бойынша.


7. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін қажетті емес шарт:
A) Фазалар айырымы тұрақты болып келуі керек.
B) Толқындар когерентті болуы қажет.
C) Үйлесімді толқындар болуы қажет.
D) Толқын жиіліктері бірдей болуы керек.
E) Тербеліс амплитудалары бірдей болуы керек.


8. Азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 830 м/с. Температурасын анықтаңыз. (Азоттың мольдік массасы 28 г/моль)
A) 774 К.
B) 792 К
C) 674 К.
D) 778 К
E) 574 К.


9. Конденсатордың электр0 сыйымдылығы С = 5∙10-12 Ф. Егер конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырмасы U = 1000 В болса, онда оның әрбір астарындағы заряд:
A) 5*10-11 Кл.
B) 5*10-9 Кл.
C) 10*10-10 Кл.
D) 5*10-10 Кл.
E) 10-8 Кл.


10. 30 м толқын ұзындығында жұмыс жасайтын радиоқабылдағыштың жиілігі: (с = 3∙108 м/с)
A) 1 МГц
B) 108 Гц
С) 9*106 Гц
D) 10 МГц
Е) 3*106 Гц


11. Сутегі атомының төртінші энергетикалық күйден екіншіге өткендегі энергиясы 2,55 эВ фотондар шыққан. Осы спектр сызықтарының толқын ұзындығы: (h=4,14•10-15 эВ•с)
А) 487 нм.
В) 231 нм.
C) 456 нм.
D) 689 нм.
E) 480 нм.


12. Бір серіппенің қатаңдығы k. Паралель қосылған осындай екі серіппе жүйесінің қатаңдығы:
A) 4 k.
B) k/4.
C) k.
D) k/2.
E) 2 k.


13. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1,0•107 Дж/кг).
A) 2•10-6Дж.
B) 2•107Дж.
C) 2•102Дж.
D) 2•108Дж.
E) 5•105Дж.


14.Изохоралық процесс кезінде газға 3*1010 Дж жылу мөлшері берілді. Ішкі энергияның өзгерісі
A) 2*1010 Дж.
B) 4*1010 Дж.
C) 3*1010 Дж.
D) 6*1010 Дж.
E) 5*1010 Дж.


15. Зарядтың тербеліс теңдеуі: q=0,06cos100πt. Тербеліс жиілігі:
A) 0,06 Гц.
B) 100 Гц.
C) 0.
D) 314 Гц.
E) 50 Гц.


16. Дененің 4 м биіктіктегі потенциалдық энергиясы 120 Дж болса, массасы ( g=10 м/с2)
A) 1 кг.
B) 5 кг.
C) 4 кг.
D) 3 кг.
E) 2 кг.


17. Автомобиль 10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Оның кинетикалық энергиясын 2 есе арттыру үшін оның қозғалыс жылдамдығы
A) 40 м/с.
B) 5 м/с.
C) 20 м/с.
D) 2,5 м/с.
E) 10√2 м/с.


18. Қорғасыннан және болаттан жасалған, көлемдері тең екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалады. Осы денелердің импульстерінің қатынасы:
қорғ = 11,3*103 кг/м3; ρбол = 7,8*103 кг/м3)
А) 1,45.
В) 6,9.
C) 69.
D) 0,145.
E) 145.


19. Ауданы 1 мм2 ұзындығы 1,5 м болат сым 200 Н күштің әсерінен 1,5•10-3 м-ге ұзарды. Болаттың Юнг модулін анықта.
A) 5*108 Па.
B) 6 *1011Н/м.
C) 2*1011 Па.
D) 4*108 Н/м.
E) 7*109 Н/м2.


20. Электролиттегі ток тығыздығы 89 А/м2 болса, мыс анодтың 3,3 мкм-ге жұқару уақытын анықтаңыз (k = 3,3*10-7кг/Кл; ρ= 8,9*103 кг/м3)
A) 100 мин.
B) 10 мин.
C) 10 с.
D) 1000 с.
E) 100 с.


21. Қызыл түсті сәуле толқын ұзындығы 0,7*10-6 м үшін фотон массасын табыңыз. (с = 3*108 м/с; h = 6,63*10-34 Дж*с)
A) ≈ 31,5*10-36 кг.
В) ≈ 31,5*10-34 кг.
С) ≈ 3,15*10-36 кг.
D) ≈ 315*10-36 кг.
Е) ≈ 3,15*1036 кг.


22. Массасы 100 г жүк байланған жіптер жылжымайтын блоктан асыра тасталып, бір-бірімен динамометрдің ілгектері арқылы жалғастырылған. Динамометр нені көрсетеді?
A) 4 H.
B) 1 Н.
C) 2 Н.
D) 5 Н.
Е) 3 Н.


23. Төмен қарай түскен тастың 1 м жолдағы кинетикалық энергиясы 16 Дж-ға көбейген. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы:
А) 10 Дж.
В) 16 Дж.
С) 15 Дж.
D) 17 Дж.
E) 24 Дж.


24. Массасы m қозғалыстағы шар тыныш тұрған массасы 3m шарға соғылады. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау бұрышы 900 және бірінші шардың жылдамдығы 3υ, ал екіншісінікі υ. Бірінші шардың соқтығысқанға дейінгі жылдамдығы:
А) 3√2υ.
В) 2υ.
С) 6√2υ.
D) √2υ.
Е) 3υ.


25. Дене бастапқы жылдамдықсыз h биіктіктен еркін құлады. 0,5h биіктіктегі дененің жылдамдығы.
A) υ=5gh.
B) υ=gh.
C) υ=0,5gh.
D) υ=2gh.
E) υ=√gh.


Нәтиже шығару